Павлодардың оңтүстік бөлігіне қашан ыстық су беріледі?

Павлодардың оңтүстік бөлігіне қашан ыстық су беріледі?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Павлодар жылу желілері» ЖШС мамандары қаладағы көпқабатты үйлерге ыстық су беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың оңтүстік желі аймағындағы жөндеу жұмыстарынан кейін жылу желілерін сынақтан өткізу аяқталды.

Сынақ қорытындысы бойынша мамандар 83 зақымдануды анықтады. Оның 14-і магистральдық жылу желілерінде және 69-ы орамішілік желілерде. Магистральдық жылу желілерінің зақымдалуына байланысты 202 көпқабатты тұрғын үйде ыстық су жоқ, орамішілік жылу желілерінің зақымдануына байланысты 181 үй ыстық сусыз отыр. Желіде 367 үй зерттеліп, толтырылуда, – делінген хабарламада.

Барлық анықталған ақауларды жоюға бір айлық мерзім белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, 5-11 тамыз аралығында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3-тен қуат алатын Солтүстік желілік аудан бойынша жөндеуден кейін жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізілуде.