Асайын Байханов Екібастұздың жылу маусымына дайындығын тексерді

Асайын Байханов Екібастұздың жылу маусымына дайындығын тексерді
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Қазірдің өзінде шаһардағы 3 энергетикалық қазандық пайдалануға дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз ЖЭО-да жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.

- Бүгінгі таңда 3 энергетикалық қазандық пайдалануға дайын. Жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 3 су жылытатын қазандық агрегаты дайын болады. Қалған 4 қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Абай көшесіндегі 3 жылу магистралінде (№4 ЖОББМ-ден Марғұлан көшесіне дейін) қайта жаңарту толығымен аяқталған. Бұл 3 магистральдың деректері жоғары қысымды сынақтан өтті және қазір жуу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін М.Жүсіп көшесіндегі №2 жылу магистралін сынауға кірісті. Мұнда жылу магистарльіндегі жаңа және ескі құбырлардың түйіскен жерін қосатын тығыздағыш компенсат істен шықты. Одан жылу магистралінің құбырлары зақымданған жоқ. Ертең түске дейін ақау жойылады, содан кейін осы магистральдік желіні сынау және жуу жалғасады.

- Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Жаңа желілер жоғары қысыммен тексерілуде. Өйткені, осал тұстарын анықтап, анықталған ақауларды дереу жою үшін, - деп атап өтті облыс әкімі.

Көктемгі және күзгі гидравликалық сынақтардан кейін жылумен жабдықтау желілерінде барлығы 388 зақым жойылған. Қала тұрғындарының жаңадан келіп түскен өтініштері бойынша орамішілік жылу желілерінің қалған 14 ақаулы учаскесін ауыстыру жалғасуда.

690 КТҮ-дің 665 үйі жылуды қабылдауға толық дайын. 25 КТҮ-де ішкі жылыту жүйелерін жөндеу, жуу, сығымдау аяқталады.

- 1 қазаннан бастап Екібастұзда жылыту маусымын бастау жоспарлануда. Жылуды қабылдауға дайындық бойынша барлық жұмыстар уақытында және жоғары сапада орындалуы керек. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшуі керек. Жылумен жабдықтауды бастау бір бөлек, бірақ жүйені теңестіру де маңызды. Жылу берушілер мен қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан ішкі жылумен жабдықтау жүйелерін реттеу және шеткі үйлердегі гидравликалық параметрлерді теңестіру бойынша үйлесімді жұмыс қажет, - деді Асайын Байханов.

Сондай-ақ, өңір басшысы ЖМ-1 және ЖМ-3 жылу магистральдарын реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырды. Онда бұрын ақау анықталған М.Жүсіп көшесі бойындағы жұмысты аяқтауды ескертті. Бұл магистраль 1973 жылы салынған. Жұмыс барысында мамандар құбыр металының 3 мм-ге дейін жұқарғанын анықтады.

Сонымен қатар, Асайын Байханов жыл соңына дейін ЖМ 7/1 жаңа магистралінің құрылысын жүргізуді тапсырды. Бұл қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің теңгерімсіздігін жояды.

Екібастұз ЖЭО-на дейін екінші көтергіш сорғыдан техникалық судың жаңа резервтік магистралінің құрылысы жалғасуда. Жер жұмыстары жүргізіліп, желі орнатылуда. Жақында бекіту арматурасы жеткізіледі деп күтілуде. Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

- Қаланы жылумен қамту мәселесі әрбір екібастұздықты толғандыратыны анық. Біздің міндетіміз - барлық қажетті жұмыстарды жүргізу және үйлердегі жылулық пен жайлылықты сақтау, - деп атап өтті өңір басшысы.