27 қыркүйек күні Павлодар облысында тұман болады

27 қыркүйек күні Павлодар облысында тұман болады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша түнде температура +6...+11 градус болады. 

Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. 

Күндіз +16...+ 21°C градус болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +6...+8 градус, күндіз +18...+ 20°C көрсетеді. Айнымалы бұлтты, жаңбырлы ауа райы күтіледі.