Павлодар облысында бұлан көліктің соңынан жүгірді
Ерекше сәт орман жолында видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты жабайы бұланмен ерекше кездесудің кадрларын жариялады.
Бейнежазбада орман жолындағы бұлан көлікті байқап, біраз уақыт оның соңынан жүгіргені көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Резерват мамандары жабайы жануарларды кездестірген кезде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызды екенін еске салды.
– Орман – олардың мекені екенін ұмытпаған жөн. Орман жолдарында көлік жүргізушілерін аса сақ болуға, жылдамдықты төмендетуге және жануарларға жақындамауға шақырамыз. Оларды қуалауға, тамақтандыруға немесе үркітуге болмайды, – деп ескертті резерватта.
Мамандар жүргізушілерді орманды аумақта қозғалған кезде жылдамдықты төмендетіп, жабайы жануарларға жол беруге шақырды.