Асайын Байханов жайылымдардағы құрғақшылықтың себептерін атады
Облыс әкімі Ертіс өзеніндегі су тапшылығы кезеңінің қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс ауданы тұрғындарымен кездесу барысында өңір басшысына Ертіс өзенінің жағдайына қатысты сауалдар қойылды. Мысалы, аудан орталығының тұрғыны Владимир Нефедов Павлодардағы өзен порты маңында құрылыс құмы өндіріліп жатқандығын айтып, биылғы өзендегі судың тапшылығы Ертіске зор қауіп төндіріп жатқанын алға тартты.
Асайын Байханов Ертіс тұрғындарының құм өндіруге қатысты алып-қашпа әңгімелеріне тойтарыс берді. Оның айтуынша, бұл маңда құм өндірілмейді.
- Оңтүстік су алу орнына қатысты айтсаңыз, онда құмнан арал пайда болады. Сарапшылар оның Павлодарды сумен қамтуға кедергі келтіруі мүмкіндігі туралы ой айтылды. Сол себепті бұл құм аралы алынып тасталады, - дейді Асайын Байханов.
Өңір басшысы биыл Ертіс өзенінде судың аз көлемі туралы пікірмен келісті. Биыл жайылымдық жер небары 32 процентке суға толған. Бұл табиғаттың заңдылығы.
- Ертіс өзені суының 77 проценті елімізде Шығыс Қазақстан облысының тау шатқалдарынан келетін судан құралады, - дейді Асайын Байханов. – Биыл таудан келетін судың көлемі аз болды. Биыл су қоймаларынан төрт миллиард текше метр су жіберілді. Бір жылдары бұл көлем 6,5 миллиардқа жеткен. Бар мәселе осы төрт миллиард текше метр суды жіберу процессі 24 күнге созылып, жайылымдық жерді басатын толқын пайда болмады.
Облыс әкімі мұндай суға тапшы кезеңдер табиғатта әрбір 10-11 жылда қайталанатынын айтты. Алтай тауларындағы қар және мұздықтар қалпына келген кезде Ертіс те суға толады.
Фото: Валерий Бугаев
Осы орайда облыс әкімі 2016 жылды мысалға келтірді. Сол уақытта жайылымдық жерлердегі су жаз бойы тұрған.