Павлодарда үш ауданнан жәрмеңкеге өнім әкелінеді

Павлодарда үш ауданнан жәрмеңкеге өнім әкелінеді

29 шілдеде ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің хабарлауынша, Торговая көшесі, 2А құрылысында (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. 

Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. 

Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, күнделікті негізінде фермерлер нарығында етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.

Сенбі күндері дәл осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының («Народный») және Ақсу қаласының («Ауыл базары»), сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.

Фото: Константин Шелков