Астана күні Павлодарда 11 сәби дүниеге келді

Астана күні Павлодарда 11 сәби дүниеге келді
Фото: Константин Шелков

6 шілде – Астана күні Қазақстанда 448 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оның 223-і ұл, 225-і қыз екенін Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мерекелік күні Павлодар облыстық перинаталдық орталығында да 11 сәби өмір есігін ашты. Оның бесеуі – ұл, алтауы – қыз.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі босандыру ұйымдарының медицина қызметкерлері жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Павлодар облыстық перинаталдық орталығының ұжымы жас ата-аналарды қуанышты оқиғамен құттықтап, сәбилерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тіледі.

Жалпы, Астана күні ең көп сәби Түркістан облысында дүниеге келді – 67 нәресте. Алматы қаласында 44, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 баладан туған.