Астана-Павлодар автожолында екі адам көз жұмды

Астана-Павлодар автожолында екі адам көз жұмды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қараша күні сағат 21.00-де Астана-Павлодар автожолында «Лада» маркалы автомашинаның жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз машинасын жөндеп жатқан КамАЗ жүргізушісін қағып кеткен. 

Бұдан кейін «Лада» автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағымен соқтығысқан.

– Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен «Лада» автомашинасының жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл көліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, –  деді департаментте. 

Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.