Павлодарда автокөлік отқа оранды
Жалынның шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— Павлодар қаласында Бекхожин көшесінде ашық аумақта 4 шаршы метр жердегі жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті қысқа мерзімде ауыздықтады, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтеншеліктер көлік иелерін өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және автокөліктердің техникалық жай-күйін уақтылы тексеріп отыруға шақырады.