Қазақстанда дәрігер тапшылығы 20%-ға азайды

Қазақстанда дәрігер тапшылығы 20%-ға азайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2025 жылы екі мыңға жуық медицина қызметкері әлеуметтік қолдауға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,Қазақстанда дәрігер тапшылығы 2023 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға қысқарды. 

–  Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 84 мыңға жуық дәрігер еңбек етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша дәрігер тапшылығы 2023 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға азайды, – делінген хабарламада.

Әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған дәрігерлер саны 2,2 есе өсті. 2025 жылы 1 760 дәрігер әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Тұрғын үймен қамтамасыз етілген дәрігерлер саны 3,3 есе өсіп, 727 адамға жетті. Сондай-ақ ауылдық жерлерде тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 529 маманға 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем берілді.