Павлодар-Астана автожолындағы жылдамдық режимі қалпына келтірілді

Павлодар-Астана автожолындағы жылдамдық режимі қалпына келтірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілер төрт жолақты автобанда енді бұрынғыша сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүре алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Павлодар облыстық филиалының хабарлауынша, шектеу 30 наурыздан бастап алынды.

— Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі биыл ақпаннан бастап жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін халықаралық және республикалық маңызы бар барлық автокөлік жолдарында қысқы кезеңге ғана жылдамдық режимін төмендету туралы шешім қабылдағаны мәлім. Аталған уақыттан бері Астана-Павлодар автобанында қысқы жылдамдық режимі енгізіліп, шекті жылдамдық 110 шақырым/сағат болып келген еді, - дейді «ҚазАвтоЖол» мәліметінде.

Мамандардың айтуынша, ауа райының жақсаруына байланысты және уәкілетті органның нұсқамасына сәйкес, 2026 жылдың 30 наурызынан бастап «Павлодар-Астана» автожолында жылдамдық режимі (140 шақырым/сағат) қалпына келтірілген.

Еске сала кетейік, 9 ақпаннан бастап Астана- Павлодар автобанында жылдамдық режимі төмендетілген еді.