Астанада «Диснейленд» салынуы мүмкін

Астанада «Диснейленд» салынуы мүмкін
Фото: pixabay.com

Астана қаласы әкімдігінің «Astana Invest» кеңсесінде басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш пен «ULKENBAY» компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті, деп хабарлайды @Stan.kz.

Кездесу барысында Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсас ойын-сауық саябағын салу ұсынылды. Болашақта «Жібек жолы» деп аталатын ойын-сауық саябағы Қазақстан мен Қытайдың мәдени ерекшеліктерін біріктіреді.

Инвесторлар жобаның жоғары сапасы мен бірегейлігін қамтамасыз ету үшін Шанхайдағы Диснейлендті жасаған дизайнерлерді тартуға ниетті екенін білдірді.

Бұл саябақтың негізгі идеясы – балалар көңіл көтеріп қана қоймай, ойын формалары арқылы екі елдің мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін үйренеді.