Автошеру, гүлдер мен ленталар: Павлодар облысында Жеңіс мерейтойы тойланды

Барлық аудандарда тыл еңбеккерлерін құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтоғай ауданында Шолақсор, Жалаулы, Шұға, Басқамыс, Ақжол, Барлыбай, Харьковка, Ақтоғай, Қожамжар, Әбжан, Мүткенов, Жаңатап, Жаңатбет, Қараоба ауылдарындағы мемориалдық орындарды байланыстыратын маршрут бойынша «Ескерткіштен ескерткішке» автошеруі ұйымдастырылды.
Жалаулы ауылында автошеру өтіп, Жеңіс ленталары таратылды.
Шарбақты ауданының «Дижан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ержүрек қолбасшы Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігі» атты патриоттық сабақ өтті.
Сұлтан Баймағамбетов 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1943 жылдың жазында ол қызмет еткен бөлімшеге Ленинград облысындағы жаудың бекінген қорғаныс шебін бұзып өту міндеті жүктелді. Сұлтан жау пулеметінің амбразурасын денесімен жауып, жауынгерлердің әскери тапсырманы орындауы үшін ерлік көрсеткен.
1944 жылы 21 ақпанда Сұлтан Баймағамбетовке қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қызылжарда аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бауыржан Шыңғысов тыл еңбеккері Сейітмағамбет Сәдуақасовты Жеңіс күнімен құттықтады.
Успен ауданының Новопокровка, Вознесенска және Надаровка кітапханалары «Мың тағзым саған, Ұлы Жеңіс!» атты шара ұйымдастырды. Шарада Вознесенск орта мектебінің оқушылары «Тырналар» биін биледі. Новопокров кітапханасының «Айгөлек» клубының мүшелері соғыс туралы өлеңдер оқып, «Үш танкист» әнін орындады, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырлардың ерлігін еске алды. Соңында жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, жергілікті ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Баянауыл ауданында 53 тыл ардагері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Соғыс жылдарында жергілікті ауылдардан 3154 адам шақырылды.
Соғыс ешкімді де аямады, тек ерлер ғана емес, сонымен қатар, әйелдер, балалар зұлмат заманның құрбаны болды. Бірі ерлермен қатар қолдарына қару алып, майдан шебіне кетсе, екіншілері негізгі еңбек күшінен айырылған мемлекеттің экономикасын қайта құруға, майдан шебін керек-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге күш жұмсады.
Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашев пен Успен аудандық мәслихатының төрағасы Жасталап Бараисов тыл еңбеккерлері Борис Вернодуб пен Ғалия Удербаева ұзақ өмір, зор денсаулық тіледі. Успен аудандық зейнеткерлеріне фашизмді жеңген Ұлы Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс айтты.