Павлодарда алғашқы әскери дайындық бойынша № 18 мектеп көш бастады

Павлодарда алғашқы әскери дайындық бойынша № 18 мектеп көш бастады
Фото: Константин Шелков

Жарысқа 10-11-сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Байқау «Жас Ұлан» бағдарламасы бойынша Мәшһүр Жүсіп атындағы мектепте өтті.

Шараның мақсаты – патриоттық тәрбие беру, әскери-спорттық ойындарды дамыту деңгейін, оқушылардың алғашқы әскери және технологиялық даярлау сабақтары бағдарламасының практикалық дағдыларын арттыру.  

– Республика күніне арналған жарысқа қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11-сыныптарының 100-ден астам оқушысы қатысты,   – деді қалалық білім беру бөлімінде. 

Жарыс әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өткізілді: саптық дайындық, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 бөлшектеу және жинау, АК-74 жабдықтарын алып қою, тартылу және 1000 метр қашықтыққа жүгіру.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды № 18 мектептің, екінші орынды № 30 мектептің, үшінші орынды № 21 мектеп командасы иеленді.