Павлодарда отбасылық бейнероликтер байқауының үздіктері марапатталды
Аталмыш жарыс «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық отбасылар «Шаңырақ» отбасылық бейнероликтер байқауында бақ сынады. Қазылар алқасы бейнематериалдардың байқау тақырыбына сәйкестігін, ата-аналардың ұйымдастырушылық шеберлігін, балалардың байқау шарттарын түсінуін, орындаушылық шеберлік деңгейін бағалады.
«Шаңырақ» отбасылық бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша, Павлодар қаласының № 37 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Дарья Гончарова І орын иегері, Павлодар қаласының № 96 сәбилер бақшасы «Радуга» ҮДО» тәрбиеленушісі Евангелина Лопатина ІІ орын иегері, Павлодар қаласының № 26 арнайы балабақшасының КМҚК тәрбиеленушісі Шыңғыс Түлебаев ІІІ орын иегері атанды.
«Дәстүрін дәріптеген отбасы» номинациясын Павлодар қаласының № 24 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Имран Сардалов, «Мейірімді отбасы» номинациясын Павлодар қаласының № 96 сәбилер бақшасы - «Радуга» ҮДО тәрбиеленушісі Есения Иванова, «Үлгілі отбасы» номинациясын Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасы - экоцентр-орталығының тәрбиеленушісі Демьян Боршняков иеленді.
Сонымен қатар, конкурстың үздіктері Дарья Гончарова және Евангелина Лопатинаның бейнероликтері байқаудың облыстық кезеңіне ұсынылып, Дарья Гончарова жүлделі үшінші орынның жеңімпазы атанды.