Ақсуда 16 жасар қызды көлік қағып кетті

Ақсуда 16 жасар қызды көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол иық сүйегінің жабық жарақатымен ауруханада жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 маусымда сағат 19:11-де Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен 2008 жылы туған қыз жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

– Кезекші травматологтардың қаралуынан кейін сол жақ иық сүйегінің жоғарғы бөлігінің жабық сынуы деген диагнозы қойылды,– деді ауруханада. 

Қыз травмотологиялық бөлімшесінде ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауырлықтағы деңгейде деп бағалайды.

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс ашты. Анықталғандай, «NISSAN PRIMERA» маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.