Павлодарда терезесін тұмшалаған тұрғындарға айыппұл салынды
Олар полицейлердің қатысуымен пленканы өздері алып тастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция батальонының инспекторлары Катаев-Амангелді көшелерінің қиылысында алдыңғы бүйір әйнектерінде қосымша заттар – перделер болған ВАЗ 21144 маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші полиция талаптарына түсіністікпен қарады.
Басқа жағдайда Толстой көшесінде Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі алдыңғы әйнекте және есіктің бүйір терезе саңылауларында жүргізушінің көрінісін нашарлататын пленка жапсырған. Жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 10 АЕК айыппұл салынды.
– Алдыңғы және бүйір әйнектерді тұмшалау әсіресе қараңғы уақытта апатқа әкелуі мүмкін. Көлік құралы салонының алдыңғы және алдыңғы бүйір шыныларына мөлдір түсті пленкаларды жабуға немесе жапсыруға тыйым салынады, – деді взвод командирінің міндетін атқарушы Жәнібек Шәкіров.
Айта кетерлігі, облыста жыл басынан бері көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 1889 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.