Павлодар облысында туу көрсеткіші бойынша Баянауыл ауданы көш бастап тұр

Павлодар облысында туу көрсеткіші бойынша Баянауыл ауданы көш бастап тұр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

1000 тұрғынға 17,88 адам байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, туудың ең жоғары деңгейі Баянауыл ауданында тіркелген. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Железин ауданында (1000 тұрғынға 14,39 адам) тіркелді. Сондай-ақ, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 925 неке және 484 ажырасу есепке алынды. 

– 2024 жылғы қаңтар-наурызда облысқа келгендер саны – 2877 адамды, облыстан кеткендер саны 3742 адамды құрады. Осылайша теріс көші-қон айырымы тіркелді – 865 адам. Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 333 адам көшіп келді. Оның ішінде ТМД елдерінен – 249 адам (49,4% - Рессейден, 36,5% – Түрікменстаннан), ал әлемнің басқа елдерінен (69% Моңғолиядан) 84 адам көшіп келді,  – деп жазылған хабарламада. 

Облысқа Қазақстанның басқа өңірлерінен 2544 адам көшіп келді:  29,4% – Астана қаласынан, 13,7% – Түркістан облысынан.

Биыл үш ай ішінде облыстан республика шегіне 276 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 209 адам (94,7% Рессейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 67 адам (94% Германияға) қоныс аударды. 

Қазақстанның басқа өңірлеріне 3466 адам көшіп кетті:  52% – Астана қаласына, 9,8% – Алматы қаласына.