Ақсуда мектеп пен тұрғын үйлерде су болмайды

Ақсуда мектеп пен тұрғын үйлерде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шақыру бойынша су тасу ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

«Ақсу су арнасы»  КМК  мәліметінше, 24 наурызда сағат 10:00-ден бастап Әуезов көшесі, 81 мекенжайы бойынша  орналасқан тұрғын үйде 150 мм ысырма ауыстырылады. Осыған байланысты жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін  Әуезов көшесі, 81, 85, 81а, 79, 79а, 79б, 83, 83а мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйлер мен нысандарға, сондай-ақ № 8 орта мектепке су беру уақытша тоқтатылады. 

Жұмыс барысы туралы ақпаратты 5-00-71 телефон нөмірі бойынша алуға болады. 

Су арнасында келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.