Ақсуда жасөспірімнің түнгі жасырын қыдырысы үшін ата-анасы жазаланды

Ол достарымен кездескісі келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмағандардың жол қозғалысына құқықтары жоқ жүргізуші ретінде қатысуы — бұл заңның өрескел бұзылуы және жасөспірімнің өзі үшін де, айналасындағылар үшін үлкен қауіп.
– Мысалы, Ақсуда автопатрульмен жасөспірімнің түнгі жүрісі тоқтатылды. Жас жігіт досымен кездесу үшін ағасының кілтін алды, – деп хабарлады Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.
Ал екінші жасөспірім кілттің көпшілікке қол жетімді екенін пайдаланып, ата-анасының ұйықтап жатқанына көз жеткізіп, көліктің кілтін алып, түнгі қалада достарымен бірге жүруді шешті. Жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік материалдар жасалды.