Павлодарлық колледжде жарық болмайды

Павлодарлық колледжде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 5 маусым күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі нысандарда:

  • Олжабай батыр көшесі, 16 – «Павлодар облысының автошаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  • Олжабай батыр көшесі, 18 – «Отан» автомектебі, «Скат» электротехника компаниясы, «Күзет» мамандандырылған күзет бөлімі, «Si.R.Si» сауда фирмасы және тағы басқалары;
  • Олжабай батыр көшесі, 18/1 – Павлодар жоғары басқару колледжінде электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады.

Сонымен қатар, сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін 10 кВ әуе желісіндегі жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Радиозавод шағын ауданында электр жарығы өшіріледі.