Павлодар облысында қыс мезгілінің басынан қанша тонна қар шығарылды?

Павлодар облысында қыс мезгілінің басынан қанша тонна қар шығарылды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстауды 97 ұйым жүзеге асырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңір бойынша 13 сәуірден бастап елді мекендерді санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар өтуде. Оның жоспары әзірленіп, бекітілді.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, іс-шараларға барлығы 295 мыңнан астам тұрғын қатысып, 150 мың тонна қоқыс шығарылып, 60-тан астам түрлі экоакциялар жүргізіліп, 8 мыңнан астам кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар тартылды. 

Облыстың елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстауды 97 ұйым жүзеге асырады. 580-ге жуық мамандандырылған техника тартылады. Ал жол жиегін қолмен жинау үшін 600-ге жуық жұмысшы жұмылдырылады. Қыс мезгілінің басынан бастап елді мекендерден барлығы 122,4 мың тонна қар шығарылды.

Жалпы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру жұмыстары бойынша өтінімдер берудің бірыңғай платформасы әзірленді.

«Таза Қазақстан» Telegrambot өтінім беру сервисіне барлығы 122 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы орындалды. 

Өтініштердің көпшілігі жер жұмыстары мен қоқыстарды шығарудан кейін абаттандыруды қалпына келтіру мәселелері бойынша келіп түседі. 

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің мамандары «Таза Қазақстан» платформасына келіп түскен өтініштерді қадағалайды және өтінімдердің орындалуы туралы фотоматериалдарды тіркей отырып, уақтылы пысықтайды.