Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай жәрдемақы төленеді?

Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай жәрдемақы төленеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Санаториялық-курорттық емдеуге жеке көмекшінің санаторийге тұру, тамақтану,  алып жүруіне біржолғы төлемдер көзделген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рахымованың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалту бағдарламасының орындалуы 57,3 пайызды құрайды. 

Сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша облыстың қалалары мен аудандардың әкімдіктері әлеуметтік көмек көрсетеді. Атап айтқанда, ҚР Конституция күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына 20 айлық есептік көрсеткіш, ҚР колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдар 30 және ҚР жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдар 60 айлық есептік көрсеткіш қарастырылған. 

– Оған қоса, бір жолғы төлемдер көзделген. Оның ішінде санаториялық-курорттық емдеуге жеке көмекшінің санаторийге тұру, тамақтану,  алып жүруіне бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың сауықтыруға аймақтық, республикалық, халықаралық жұмыстарға дайындалу үшін коммуналдық қызметтерге біржолғы төлемдер ұсынылады, – дейді Әлия Рахымова.

Бұдан бөлек, I,II,III топтағы жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектігі бар адамдарға ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай қаражат көзделген. Тоқсан сайын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындар сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі. 

Бұл ретте, бірінші тоқсанда жалпы сомасы 14  миллион теңгеден астам сомаға мүгедектігі бар 449 балаға төлемдер жүргізілген. 

Еске сала кетейік, өңірде мүгедектігі бар 29,4 мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде: I топтағылар – 4182 адам, II топтағылар – 11234 адам, III топтағылар – 10075 адам және 18 жасқа дейінгі бала саны – 3917.