Ақтоғай ауданында тұрғындар суды сырттан тасымайтын болды
Бұған дейін ауылдың көбі суды контейнерлік блок-модульдан алған, ал құдық кейбір үйлерде ғана болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Республика күні мерекесін Ақтоғай ауданындағы Қожамжар ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары қуанышты жаңалықпен қарсы алды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау нысаны қолданысқаенгізілді.
Көптен күткен су құбыры іске қосылып, ауылға таза ауызсу берілді.
– Ауызсу – осы ауылдың ең өзекті мәсәлелердің бірі. Бұған дейін ауыл тұрғындары суды контейнерлік блок-модульдан алған. Құдық кейбір үйлердің жанында ғана болған, – деді аудан әкімдігінде.
Жоба бойынша мердігерлер су құбыры желісін әр үйдің қақпасына дейін ғана тартып беруі тиіс. Алайда мердігер компания тұрғындарға қолдау көрсетіп, суды барлық үйдің іргесіне дейін өз қаражатына кіргізіп берді.
Сумен 41 аула, 213 адам қамтылды.