Ақтоғай ауданындағы апаттық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді

Ақтоғай ауданындағы апаттық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ғимарат есігін осы жазда айқара ашпақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мүткенов ауылындағы мәдениет үйінің жөндеуден өтуі Ақтоғай ауданы тұрғындарының көптен күткен қуанышына айналды. Нысан апатты жағдайда болды.

– Халық мәдениет үйін жөндеуді сұрады. Себебі ғимарат шіріп тұрды және қауіпті жағдайда болды. Төбенің құлаған кездері де болды, – деді мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Ғалия Шәкірова.

Қыста мәдениет үйінде сегіз адам, ал жазда бес адам жұмыс істейді. Мәдениет үйінің жұмысшылары жылыту маусымына өздері дайындалса, қысымды сынау және жабдықты тексеруді арнайы келген жұмысшылар жасайды .

Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 20 ақпанында басталды және 2025 жылдың 20 шілдесінде аяқталады деп жоспарлануда. Жоба 149 миллион теңгеге бағаланып отыр. Жұмысты мердігер «Оргстройпром» ЖШС өз мойнына алды.