Павлодарлық жүргізушілер облыстық тас жолмен жүйткімейтін болды
Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін арнайы белгі орнатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, әкімшілік полиция басқармасынан нұсқама түскен.
– Осыған байланысты Екібастұздан ГРЭС-2-ге дейінгі облыстық маңызы бар трассада жылдамдық режимін сағатына 100 шақырымнан 80-ге дейін төмендету туралы шешім қабылданды, – дейді басқармада.
Тәртіп сақшылары жол бойында тыйым салатын жол белгілерін орнатады. Сондықтан жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.