Павлодарда үріп жатқан иттен үрейленген 10 жасар бала үйге кіре алмаған

Павлодарда үріп жатқан иттен үрейленген 10 жасар бала үйге кіре алмаған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ит иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Полицияға Архангельск көшесінде ит өтіп бара жатқан адамдарға үріп жатқаны туралы қала тұрғыны қоңырау шалды. Оның 10 жасар немересі үйге кіре алмай жүрді. 

– Учаскелік полиция инспекторы ит иесін анықтап, жауапқа тартты. Иесі иттің қарғыбауы шешіліп, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамағаны түсіндірді, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде. 

Жыл басынан бері иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін полицейлер үй жануарларының 444 иесін жауапқа тартты.

Тәртіп сақшылары ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың қашып кетуіне жол бермейтін жеке ауланың шекарасында ұстауы керектігін еске салады. Сонымен қатар, иелері иттерді қоғамдық орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз жүруге рұқсат бермеуі керек.