Баянауыл ауданының төрт ауылы таза ауызсумен қамтамасыз етілді
Барлық су құбырлары қолданысқа берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қызылтау ауылдык округіне карасты Лекер қажы елді мекеніне ауыз су өткізу жумыстары аяқталып, су құбыры қолданысқа берілді. Оның жалпы ұзындығы 2,7 километрді құрайды. Ауылдағы барлық 61 үй мен төрт әлеуметтік нысанға су тартылды. Құрылыс жұмыстарға 195 миллион қаражат жұмсалды.
Сондай-ақ, Қызылшілік, Майкөбе, Сұлужон ауылдарында да су құбыры іске қосылды. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен қаржы бөлініп, 2020 жылдан басталып, аяқталмай қалған жобалар нәтижеге жетті. Аталған ауылдарда су құбыры салтанатты түрде іске қосылды.