Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды

«24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде өткен жеребе тарту рәсімі барысында партиялардың басты дебаттағы реттік нөмірі белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Құрылтай сайлауы алдындағы қорытынды теледебаттарда жеті саяси партия төрағаларының сөз сөйлеу тәртібі мынадай:

1. «Respublica» партиясы

2. «Байтақ» жасылдар партиясы

3. «Ақ жол» демократиялық партиясы

4. «Әділет» партиясы

5. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)

7. Қазақстан Халық партиясы (ҚХП).

Басты дебат ертең яғни 19 тамыз күні сағат 20:00-де «24.KZ» телеарнасында өтеді.

Сонымен қатар, тікелей эфирді «24KZ»-тің ресми YouTube, Instagram, Facebook және TikTok парақшаларынан да көруге болады.