Баян Алагузова Екібастұзда кино түсіріп жатыр

Жобада ол басты рөлді сомдауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстандық продюсер Баян Алагузова Павлодар облысына келіп, жаңа «Қызым» атты фильмнің түсірілімін бастады.
Продюсер жеке Instagram желісіндегі Stories-те айтқандай, түсірілім алаңына саяхат Алматыдан Астанаға ұшқаннан басталып, одан әрі көлікпен Екібастұзға дейін барған.
Баян Мақсатқызы ғашық әйелдің басты рөлін сомдайды. Оның кейіпкерінің аты Лейла, жасы 45-те, Екібастұзда дәрігер болып жұмыс істейді, әлі тұрмыс құрмаған. Оның ғашығы Ержанды қазақстандық танымал актер Әбунасыр Серіков сомдайды, ол «Брат или брак», «Келинка тоже человек», «Бизнес по-казахски» және басқа да фильмдердегі рөлдерімен танымал.
Жобаның режисері – Олжас Ибраев. Фильмнің экранға қашан шығатыны әлі белгісіз.