Павлодарлық опера әртісі мерейтойын концертпен тойлайды

Концертке кіру тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
2 мамыр күні сағат 9:00-де С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Павлодар өңірінің киелі топырағында дүниеге келген, әйгілі опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Барыс» және «Құрмет» ордендерінің иегері Шахимардан Әбіловтің 75-жылдығына арналған «Шахимардан Абай шыңында» атты жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді. Жаңа кітап ұлы Абайдың 180-жылдық мерейтойы қарсаңындағы Шахмардан Әбіловтің оқырмандары мен тыңдармандарына жасаған тартуы болмақ. Кітапта өнер иесінің өмір жолы, оның қазақ опера өнеріндегі орасан еңбегі, Абай мұрасын насихаттауға қосқан үлесі мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жан-жақты баяндалады.
Ал кешкі сағат 19:00-де Естай атындағын мәдениет сарайында «Әуелетіп ән салсам...» атты концерт басталады. ҚР Еңбек сіңіген қайраткері, дирижер Айтқали Жайымовтың жетекшілігіндегі Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының оркестрінің сүйемелдеуімен Шахимардан Әбілов және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина өнер көрсетеді.