Кітапханадағы түн: Павлодарда күзгі бал өтеді

Кітапханадағы түн: Павлодарда күзгі бал өтеді
Фото: Константин Шелков

Келем деушілер үшін кіру тегін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 19 қазан күні сағат 17.30-да «Кітапхана түні-2023. Күзгі vibe» шарасы жоспарланған. 

Павлодарлықтарды «Патша және Патшайым» байқауы, «Күзгі блюз» ұлттық (қазақ, грек, армян) музыка және поэзия кеші, «Жапырақ жүрек жауһар жыр» поэзия кеші, түрлі авторлармен шығармашылық кездесулер, үстел ойындары, шеберлік сабақтар күтеді.

Сондай-ақ көрме-жәрмеңке, пилатес, магия әлемі, күзгі романс кеші, «Хрестоматия по географии Павлодарской области» кітабының тұсаукесері өтеді. Ал күзгі бал кешкі сағат 18:00-де басталады.  

– Кешті жайлы ортада өткізу және әдебиет пен өнер әлеміне ену үшін достарыңызбен немесе отбасыңызбен бірге келіңіздер. «Күзгі бал» осы кештің жарқын бөлігі, барлық қонақтар керемет әсер алады деген үміттеміз, – деді кітапханада.

Айта кетейік, оқу мен мәдени мұраға назар аудару мақсатында «Кітапхана түні» іс-шарасы жыл сайын өткізіледі.