Баянауыл ауданында 20 гектар алаңда дала өрті сөндірілді

Баянауыл ауданында 20 гектар алаңда дала өрті сөндірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әуеден түсірілім жасалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ресми телеграм каналының мәліметінше, Баянауыл ауданындағы дала өрті алдын ала 20 гектар алаңда сөндірілді.

Еске сала кетейік, қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт алдын ала 60 гектар алаңда оқшауланды.

4 сәуір күні 112 пультіне хабар түскен соң, өртті ауыздықтау үшін төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» және Жасыбай орманшылығының күштері мен техникасы жұмылдырылды.