Баянауыл ауданында автокөлік жанды
Өрт жедел түрде жойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Баянауыл ауданында өрт 25 қараша күні сағат 01:50-де болды. Оқиға орнына шыққан өрт сөндірушілер Toyota Corolla жеңіл автокөлігінің мотор бөлігінің 1,5 ш.м. алаңда жануын анықтады. Зардап шеккендер жоқ.
– Әрбір көлік құралында көлемі кемінде екі литр болатын өрт сөндіргіш дайындап, оны қолдана білу қажет. Автокөлік пен оның механизмдерін жақсы жағдайда ұстап, аккумуляторларды көлік құралдарына тікелей қуаттауға жол бермеу керек. Қозғалтқышты үрлегішпен қыздырмаңыз, – деп ескертті департаментте.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.