Баянауыл ауданында мәдениет үйі ашылды

Тұрғындар бұл күнді ұзақ күткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұзынбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында мәдениет үйінің есігі айқара ашылды.
– Бүгін – көптен күткен елеулі сәт. Аядай ғана ауылда жаңа мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті. Облыс әкімі Асайын Қуандықұлының қолдауымен бой көтерген мәдениет ошағы елдің игілігі үшін қызмет етеді деп сенемін, – деп атап өтті Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев.
Ол кішкентай ауылдың сахнасынан әлемге танылатын өнерпаздар шыға беруін тіледі.
Еске сала кетейік, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша үш жылда ауданда төрт ауыл жаңғырды. Әлкей Марғұлан атындағы мектеп, екі мәдениет үйі, бір медициналық нысан жөнделді. Жаңатілек ауылында спорт кешені құрылысы жүргізілуде.