Екібастұз ЖЭО-да құбырдағы ақау жөнделді

Екібастұз ЖЭО-да құбырдағы ақау жөнделді

Жөндеу жұмыстарына 70 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, сағат 16:30-да ЖЭО-дағы желілік су құбырының зақымдануы жойылды, құбырды толтыру басталды.

 - Су құйылғаннан кейін қазандықтар іске қосылады.  Бұл жұмыстарды орындаудың жоспарланған уақыты 20:00-ге дейін.  Осылайша, станция алты қазандықтың (үш су жылытқыш және үш энергетикалық) жұмысын қамтамасыз етеді», - деп хабарлады кәсіпорында. 

Шамамен сағат 00:00-де станция жылу берудің  - 60/40 °С параметрлеріне жетуді жоспарлап отыр.

 Еске салайық, бүгін, 18 ақпан күні сағат 04:55-те ЖЭО-дағы желілік су ысырмасы аймағында тығын сынған.  Құбырдың зақымданған жерін анықтау үшін №12, 13, 15 қазандық агрегаттары мен желілік сорғылар кезекпен тоқтатылды.  Станция қызметкерлері дереу зақымданған жерді кесіп, жөндеу жұмыстарын бастады.

Станцияның жұмысы тоқтатылмаған. №5, 6, 9 үш энергетикалық қазандық пен электр сорғылары жұмыс істеп тұрған. Желідегі су айналымы төмендетілген параметрлерде қамтамасыз етілді. 

 Фото: Константин Шелков