Ақсуда бірқатар тұрғын үйлер мен балабақшаларда ыстық су болмайды
«Теплосервис-Ақсу» КМК диаметрі 600 мм магистральдік құбырдағы зақымдануды жою бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 22 мамыр күні Ленин көшесі, 39,43,45,57,59, 51,53,55, Астана көшесі, 39,41,43,45,47,49, Құрылысшылар көшесі, 41,43, 45,47, мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде ыстық су болмайды. Сонымен қатар № 24 балабақша, «Балапан» балабақшасы, №2 орта мектеп, қалалық емхана, 6-шағын аудандағы Металлургтер көшесі, Абай көшесі, Амангелді көшесі, И. Суптель көшесі, Ертіс көшесі, Доспанова көшесі, Гагарин көшесі, Момышұлы көшесі, А. Молдағұлова көшесі бойындағы жеке тұрғын үйлері ыстық сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылады.
Шамамен сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ыстық сумен жабдықтау болмайды.
Толығырақ ақпаратты 8(71837) 61592 телефоны арқылы алуға болады.