Кенжекөлде топырақ жабыны ғана бар 12 көшеге асфальт төселеді

Кенжекөлде  топырақ жабыны ғана бар 12 көшеге асфальт төселеді
Фото: Константин Шелков

Қазіргі уақытта жұмыстар Ата Заң, Шоң би және Шоқтал көшелерінде басталды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов жұмыс сапарымен Кенжекөл ауылына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. 

–  Ауыл – елдің алтын бесігі. Сондықтан ауылдарға қолдау білдіріп, назардан тыс қалдырмау керек. Елді мекенде шешуді қажет ететін мәселелер жеткілікті. Бірақ өткен жылдардағы абаттандыру қарқынын сақтайтын боламыз, – деді Ержан Иманзайыпов.

Биылғы жылы бұрын тек топырақ жабыны ғана болған 12 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыстар Ата Заң, Шоң би және Шоқтал көшелерінде басталған. Жыл соңына дейін асфальт жабыны бар жолдардың үлесін 72,7%-дан 87%-ға дейін көтеру көзделіп отыр. 

Сонымен қатар, Даңқ мемориалы жанындағы саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ескерткіштің жанындағы алаңға асфальтбетон төселеіп, керамогранит тақтайшаларымен қапталады. Жаяу жүргіншілер жолдары жасалады, жарықтандырылады және демалыс аймағы жабдықталады. Сондай-ақ, саябақты кеңейтіп, Шайқы ата атындағы мешіт аумағымен қосылады. 

Ауыл әкіміне күн сайын жұмыстарды қатаң бақылау, мердігерге өз міндетін адал, сапалы және уақытында орындау тапсырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov