Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі шағын өрт сөндіру кешендерімен толықты

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі шағын өрт сөндіру кешендерімен толықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көліктер орманшылардың жұмысын жеңілдетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» лизинг арқылы заманауи өрт сөндіру жабдықтарымен толық жарақталған арнайы техникалармен қамтамасыз етілді.

Материалдық база бес Jac T6 шағын өрт сөндіру кешендерімен толықты.

Бұл көліктер – табиғи және объектілерді қорғау бөліміне, Баянауыл бөлімшесіне, Жасыбай бөлімшесі – Торайғыр мен Егіндібұлақ, Далба бөлімшесіне табысталды. 

– Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қолдау – орманды қорғау ісінің маңызды мемлекеттік басымдықтардың біріне айналғанының айқын дәлелі.Бұл көліктер инспекторлардың күнделікті жұмысын жеңілдетіп, шалғай аумақтарда табиғатты қорғау шараларын дер кезінде жүргізуге мүмкіндік береді, – деді парк қызметкерлері. 

Сонымен қатар орман өрттерінің алдын алу, рейдтік тексерістер және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтеді.

Автокөліктер заманауи талаптарға сай, жолы жоқ жерлерде де сенімді жүре алады. Табиғат қорғаушылары үшін бұл – үлкен қолдау мен жауапкершілік.