PavloVision: Павлодарлықтар қаланы объектив арқылы аша алады

PavloVision: Павлодарлықтар қаланы объектив арқылы аша алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қатысушылар қала ішінде шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, ерекше сәттерді объективке түсіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 11 шілде күні сағат 17:00-де ерекше шығармашылық шара – «PavloVision» фотоаңшылық өтеді. Басталу орны – Естай көшесіндегі жағалау.

Шара фотоөнерге қызығушылығы бар тұрғындар мен қонақтарға арналған. Қатысушылар қаланы аралап, арнайы тапсырмалар арқылы тосын ракурстар мен ерекше сәттерді түсіруге мүмкіндік алады. Ең креативті кадр авторларын жүлделер күтеді, – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – Павлодарды жаңа қырынан танып, фотоәуесқойлармен танысуға арналған тамаша мүмкіндік. Қатысу үшін смартфон немесе фотоаппарат жеткілікті.

Қосымша ақпарат пен тіркелу үшін: +7 (747) 714-10-27 (Айдана).