Шалдай психоневрологиялық орталығы жөнделеді
Орталықта 294 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбек Шарбақты ауданы Шалдай ауылында орналасқан психоневрологиялық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін топтық және жеке жұмыстың әртүрлі нысандары қолданылады. Спорттық бағыт – баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі. Сондай-ақ шығармашылық шеберханалар – тігін ісі – тоқу, кесте тігу, сәндік-қолданбалы өнер, картонаж, агротерапия, фото ісі ұйымдастырылды. Орталықта вокалдық-аспаптық тобы бар.
Сапар барысында кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту, күрделі жөндеу жүргізуге байланысты өзекті мәселелер көтерілді.
Еске сала кетейік, орталықтағы адамдардың жайлылығы мен ыңғайлылығы үшін тағамды дайындау және беру процесі қайта қаралды, дәрілік препараттар мен медициналық жабдықтарды тексеру және түгендеу жүргізілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram