Баянауыл орманында қарағай жібек құртының таралу қауіпі төмендеген

Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану және қорғау бөлімдерінің мамандары мониторинг жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қарағай, терек, қайың ағаштары тексерілді. Орман зиянкестері мен аурулары ретінде жұпсыз жібек құрты, қарағайдың қара мұртты қоңызы, кәдімгі шютте тіркелді.
– Жұлдызқұрттар/жұмыртқа ізі табылған жоқ, бұл қарағайдың қара мұртты қоңызы және қарағай жібек құртының таралу қауіпі төмендегенін көрсетеді. Ағаш діңдерінде құмырсқалар анықталды, бұл экожүйенің қалыпты дамуын білдіреді, – дейді орман патолог, инженер А. Рахметова.
Маманның айтуынша, құмырсқалар зиянды көлбеу жәндіктерді бақылауға көмектеседі. Құстарға арналған жасанды ұялар биологиялық бақылау құралдары болып саналады. Құстар зиянкестерді жеп, олардың популяциясын реттей алады.