Павлодарлық депутат ауыл балаларын сыйға бөледі
Ол Павлодарское ауылы балалары мен жасөспірімдерінің жан-жақты дамып, демалысын тиімді етуіне көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
AMANAT партиясы Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы, партияның қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының басшысы Санира Жүсіпова партиялық бақылау комиссиясының жұмысы аясында Павлодар ауылында болып, өзінің сайлау округінің халқымен кездесті. Жұмыс барысында депутат партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы аясында тұрғызылып жатқан Роза Бағланова Мәдениет үйінің құрылысымен танысты.
Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған, нысанды пайдалануға беру актісі әзір. Осы орайда депутат ауыл балалары мен жасөспірімдерінің жан-жақты дамуы үшін Мәдениет үйі ішінен коворкинг орталығын ашатынын айтты. Бұл ауыл тұрғындарының тиімді демалысын ұйымдастыруға да зор септігін тигізеді деп күтілуде.
- Ауыл жастарының қала жастарынан еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан, оларға барынша бірдей мүмкіндік тудыру керек. Менің сыйлығым балалардың жазғы кезде тиімді уақыт өткізуге арналады. Оны 1 маусым - Балалар күні қарсаңында жүзеге асырмақ ойымыз бар, - деді депутат.
Сондай-ақ депутат өзінің сайлау округінің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Мысалы, Санира Жүсіпова ауылдың ардагерлер кеңесіне барды. Онда ол зейнеткерлердің мұң-мұқтажымен танысты.
Айталық, ол ардагерлер кеңесі хоры мүшелерінің «Звезда Прииртышья» және «Ардагер» газеттеріне жазылу туралы өтінішін қабыл етіп, биылғы жылға дейінгі жазылуды ұйымдастырды.