Баянауылда «BirZhan» жобасының 3D моделі әзірленді
Бұл жоба көлдің танымалдығын арттырады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары экономиканы дамытудың негізгі жолдарының бірі туризмді дамыту болатыны сөзсіз. Осындай зерттеулердің бірі Павлодар облысы Баянауыл ауданы табиғи резерватта орналасқан Біржанкөл көлін туристік объект ретінде дамытуға арналған.
Ұсынып отырған жоба аясында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазақстандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, негізгі ғылыми болжам шығарылды. Жалпы зерттеу Біржанкөл көлінің аумағында балық аулау туризмі үшін балық шаруашылығын дамыту әдістерін әзірлеу мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар Біржанкөл көлінің флорасы мен фаунасы туралы нақты материалдар жинақталып, Біржанкөл көлін дамыту бойынша бизнес-жоспар құралды және «BirZhan» жобасының 3D моделі әзірленді.
Бүгінгі таңда облыстың көптеген балық аулау әуесқойлары балық аулау орындарын таңдау проблемасына тап болды. Дегенмен, өңірде балық ресурстарына бай су қоймалары бар және адамдар қажетті ақпаратқа ие емес, өйткені бұл жерлер танымал емес.
Баянауыл ұлттық саябағы аумағында Біржанкөл көлі танымал көлдер қатарына кірмейді. Оған келушілердің аз болуының себептері: демалыс жағдайларының болмауы, танымалдылықтың төмендігі және жол инфрақұрылымы. Алайда, бұл су қоймасының артықшылығы бар – басқа көрші көлдерде жоқ балықтардың болуы, сондықтан оның балық аулау туризмін дамыту мүмкіндігі жоғары.
Ішкі туризм өңірдегі әлеуметтік-экономикалық саланы дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Сонымен қатар, экотуризмді дамыту, оның ішінде осы жоба да қамтылады, «Жасыл экономика» секторына кіреді. Туристік инфрақұрылымды дамыту және Біржанкөл көлін танымал ету туристер ағынын ұлғайту есебінен осы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Дария Кильдибекова