Павлодар кеме жөндеу зауытының бүгінгі жағдайы қандай?

Павлодар кеме жөндеу зауытының бүгінгі жағдайы қандай?
Фото: Константин Шелков

Билік өкілдерінің қолдауы дамудың жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар кеме жөндеу зауыты – жүк кемелерін жөндеу бойынша Қазақстандағы жалғыз инженерлік-техникалық құрылыс. Кәсіпорында сүйретпе жүк кемесі мен теплоход қалпына келтірілуде.

Жыл сайын зауытта 30-ға жуық кеме жөнделеді. Мемлекеттік қолдау болған жағдайда одан да көп болуы мүмкін. Айта кетерлігі, бұл жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, өндіріс орнының өркендеуіне себеп болатыны сөзсіз.

Керуен қызметінің бастығы Петр Сальниковтың айтуынша, кәсіпорынның қуаты 40 кемені жөндеуге, сондай-ақ қызмет көрсетуге жеткілікті.

– Сүйретпе жүк кемесі мен теплоходтарды бұрынғыдай нөлден бастап жинауға болады, – дейді ол. – Бұл үшін бізде кемені құрастыратын және суға түсіретін алаң, керекті құрылыс мүмкіндіктері және ары қарай белестерді бағындыруға деген ұмтылыс бар. Қазіргі уақытта сүйретпе жүк кемелерінде отыздан астам адамнан тұратын екі толық бригада жұмыс істейді. Жұмыс қиын, әркім жасай алмайды. 

Кеме жөндеу зауытына қызмет көрсетуде екі сүйретпе жүк кемесі бар. Олар: үш және бір мың тонна жүк көтергіш, құтқару катері. Ресейден келген сүйреткіш-итергіште әрлеу жұмыстары аяқталып, су асты бөлігі мен жалпы сызық қалпына келтірілді.

Бұған дейін Павлодар кеме жөндеу зауыты жабылу алдында тұрған болатын. Билік оның орнына мектеп салуды жоспарлаған, алайда прокурорлар кәсіпорынды қорғап қалды.

Айта кетейік, Ертісте жұмыс істейтін кеңес дәуірінде шығарылған жүк және көмекші класындағы кемелерді тек Ресейде жөндеуге болады. Павлодарлықтар қаржының елде қалуы үшін өзен кемелерінің отандық жөндеу базасына қолдау көрсету маңызды екенін айтады.