Бақыттан бас айналды: Ақтоғай ауданында жаңа үйлер қолданысқа берілді

Бақыттан бас айналды: Ақтоғай ауданында жаңа үйлер қолданысқа берілді

Ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынған үшінші көппәтерлі үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

24 отбасы көптен күткен жеке үйлерінің кілттерін алды. Барлығы 12  бір бөлмелі, сегіз екі бөлмелі және төрт үш бөлмелі пәтер берілді. Көппәтерлі үйлер орталық жылу жүйесіне қосылған. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов аймақ басшысының атынан үйлердің кілттерін бақытты отбасы мүшелеріне табыстау рәсіміне қатысты.

– Президенттің тапсырмасымен елді мекендерде үйлер салынып жатыр. Биыл біздің көптеген аудандарда, оның ішінде Ақтоғай ауылында осындай 24 көппәтерлі үй салынды. Одан басқа Ертіс, Железин, Тереңкөл аудандарында да салынуда. Бұрын бұл бағдарлама қалаға ғана тиісті болса, биылдан бастап елді мекен жерлерінде осындай бағдарлама жүзеге асырылуда. Өте қуаныштымыз. Елдің болашағы болу үшін біріншіден екі нәрсе керек – жұмыс орны мен тұратын тұрғын үй. Осы мәселе шешіліп жатыр, – деді Серік Батырғожинов.

Ақтоғай ауылының тұрғыны Эльмира Инцибаева үй кезегінде алты жыл тұрған. Ай сайын пәтерді жалдап тұру, көмір мен отын сатып алу қиынға соғатын. 

– Бақыттан басым айналып жатыр. Алғысым шексіз, – деді Эльмира Инцибаева. – Менің мектепте оқитын ұлым бар. Жалдамалы пәтер алыс орналасқандықтан, ұлым сабаққа жиі кешігіп келетін. Ал енді мектеп дәл үйіміздің қасында. Пеш жағудың да керегі жоқ. Жұмыстан үйге келіп, демалуға уақытым болады, – деді Эльмира Инцибаева.

Салынған әр үйде электр плитасы орнатылды. Сонымен қатар, жаңадан келген тұрғындар үшін жуынатын бөлме жабдықталды. Жобаға барлығы 439 миллион теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстарымен астаналық мердігер айналысты. Үйлердің кепілдік мерзімі үш жыл. 

Шенеуніктердің айтуынша, 2025 жылы тағы бір осындай үйді тапсыру жоспарлануда. Егер бәрі жоспар бойынша аяқталса, екі жыл ішінде барлық кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бүгінде тұрғын үй кезегінде 56 адам тұр.