Павлодарда суретке түспек болған қыз мұз астына құлады

Павлодарда суретке түспек болған қыз мұз астына құлады

Мұз жарылып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Орталық жағалауда Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көрген.

– Құтқарушылар 1994 жылы туған айелді жедел түрде судан шығарды. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, – деді облыстық ТЖД-де. 

Ол суретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз жарылып, суға түсіп кеткен.

Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады.