Биыл бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі жиналды

Биыл бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі жиналды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Сонымен қатар майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр.

Биыл бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі – 1 млн тоннадан астам көлемде жиналды. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды,  — деді Айдарбек Сапаров.

Оның сөзінше, майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр, дегенмен бүгінгі күннің өзінде рекордтық өнім – 4,3 млн тонна жиналды. Сонымен қатар мақта терімі де аяқталды, жалпы түсім 428 мың тоннаны құрады. Мұндай көлем соңғы 18 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.