21 қарашада Павлодар облысында күн ашық болады
Өңірде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, өңірде жауын-шашын болжанбайды. Түнде ауа температурасы -6…-11 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0…+5 градус шамасында болады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -7…-9 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +2…+4 градус шамасында болады. Қалада көшпелі бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын күтілмейді.