«Борышкер»: Павлодар облысында 30 шақты көлік айып тұрағына қойылды
Өңірде жедел профилактикалық іс-шара аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Борышкер» іс-шарасы барысында өңір тұрғындарынан 21 млн теңгеден астам қаражат өндірілді
– Әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлердің 27 автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды. 50 мыңға жуық адамға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды. Олар өздерінің құқық бұзушылыққа ұмытылмағанына көз жеткізді және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмей, көлік құралын мұқият жүргізеді, – деді облыстық полиция департаменті әкімшілік полициясының бастығы Борис Әлімбаев.
«Daimler Chrysler» маркалы автокөлігімен жол қозғалысы ережелерін бұзған облыс орталығының тұрғыны анықталды. Оның жалпы сомасы 200 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұлы болған. Автоберешек толық өтелгенге дейін темір тұлпары айып тұрағына қойылды.
Айта кету керек, пәтерлер мен аулаларды аралау барысында борышкерлермен айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеу қажеттілігі туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. Полиция әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алмау үшін айыппұлды уақтылы төлеуді ұсынады.